Полицейлер Алматыда қаза тапқан әріптестерінің отбасына бір күндік жалақысын аударады

/uploads/thumbnail/20170709041709882_small.jpg

 

Алматылық полицейлер қаза тапқан әріптестеріне осындай өтемақы аударатын болды, деп хабарлайды Qamshy.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қазақстан Республикасының "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңының 66-бабына сәйкес, Қызметкерлер қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертiккен жағдайда берiлетiн кепiлдiктер" бар. Мәселен, қызметкерлер қызметтiк мiндеттерiн атқарып жүрген кезеңiнде мертiккен жағдайда оған бiржолғы өтемақы төленедi, ал қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда ол оны алуға құқығы бар адамдарға беріледі. Сонымен қатар, 67-бабына сәйкес, қайтыс болған немесе қаза тапқан қызметкерлерді жерлеу үшiн олардың үш айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде, ал зейнеткерлерге үш айлық зейнетақы төлемі мөлшерінде бiржолғы ақшалай өтемақы төленедi. Бұл жағдайда бiржолғы ақшалай өтемақы үш айлық ақшалай қамту түрінде төленеді, зейнеткерлерге - үш айлық зейнетақы төлемі көлемінде", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Астаналық полицейлер де қаза тапқан әріптестерінің отбасына бір күндік жалақысын аударады.

"Астана қалалық ІІД басшылығы мен жеке құрамы Алматыда болған қайғылы оқиғалардың салдарынан қаза тапқан әріптестеріміздің туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. ІІД-де қаза болған полицейлердің отбасыларына қаржылай көмек көрсету туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты елордалық ішкі істер департаментінің басшылық құрамы өзінің біркүндік жалақысын қаза болған полицейлердің отбасына аударады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Алматыда теракт кезінде үш полицияның қызметкері қаза тапты. Олар: Нұрмаханбетов Бауыржан Мәлікұлы - ІІД ӘПБ жол-патрульдік полициясының өзіндік қауіпсіздік қызметінің аға инспекторы, 1988 жылғы. Ішкі істер органдарында 2011 жылдан бері қызмет еткен. Үйленген, қызы бар.  Сәлімбаев Мақсат Қолғанатұлы - полицияның кіші сержанты, ІІД ЖПҚ ЖПП полкінің полицейі, 1991 жылғы, ішкі істер органдарында 2013 жылдан бері қызмет етіп келген. Үйленген, қызы бар. Ғалиев Аян Ерболғанұлы - полиция старшинасы, Алматы қалалық МКҚБ ММ полициясының 2-ші батальонының полицейі, 1974 жылғы, ішкі істер органында 1997 жылдан бері қызмет еткен. Үйленген, екі қызы бар.

Қатысты Мақалалар