Алматыдағы атыстың жаңа видеолар пайда болып жатыр (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709041711320_small.jpg

Желіде Алматыдағы атыс орындарында түсірілген жаңа видеолар пайда болып жатыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.

Куәгерлер әлеуметтік желілерде өздері түсірген видеоларды YouTube пен WhatsApp-де жариялап, өз әсерлерін бөлісіп жатыр.

Айта кетейік, кеше, 18 шілдеде Алматыдағы Алмалы аудандық ІІБ және ҰҚКД ғимараттарына шабуыл жасалды. Осы орайда полицейлер тұрғындарға үйлерінен шықпауды өтінген. Қаладағы барлық қару-жарақ сататын дүкендер жабылған. Үш полиция қызметкері және бір бейбіт тұрғын қаза тапқан. Шабуыл жасағандардың екеуі ұсталды", - делінген Алматы ІІД таратқан ақпаратта. Жансақтау бөлімінде 8 полицей жатыр. Алматыда террористік қауіптің "қызыл деңгейі" жарияланған. Алайда кейін бұл режим алып тасталды. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың өкілдері қаладағы шабуылдарды бір ғана адамның жасағанын мәлімдеді.

Қатысты Мақалалар