Алматыда болған терактіден қаза тапқандардың отбасына 15 миллион теңгеден, ал зардап шеккендердің отбасына бес миллион теңгеден беріледі, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Бұл туралы Алматы әкімдігі ақпар таратты.
Алматыда болған атыстан полиция капитаны Бауыржан Нұрмаханбетов, кіші сержант Мақсат Сәлімбаев пен полиция старшинасы Аян Ғалиев қаза тапты.