Б.Байбек: "Қылмыскер тергеу изоляторына қамалды"

/uploads/thumbnail/20170709041714226_small.jpg

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек теракт әрекет жасаған адамның тергеу изоляторына қамалғанын айтты- деп хабарлайды Qamshy.kz.

-Қазір жағдай тұрақты. Кеше әлеуметтік желілерде тексерілмеген, жалған көптеген хабар келіп түсті. Атқарушы құқық қорғау органдары нақты алгоритммен бұл мәліметтерді тексеріп, шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Қылмыскер бір орында болған жоқ. Сондықтан оны ұстауға уақыт кетті. Кеше ол ұсталды, есін жиды. Одан жауап алынды. Бүгін тергеу изоляторында, - деді қала басшысы.

Кешегі оқиғадан 5 адам қаза тапты, барлығы полицей деген қала басшысы полицейлердің ерлік көрсеткенін атап өтті.

-Ешқайсысы сасып қалмады. Қарсылық көрсетті. Туыстары мен жақындарына көңіл айтқым келеді. Бүгін отбасыларына барып, көңіл айтуды жоспарлап отырмыз. Қазір үш полицей өте ауыр жағдайда жатыр. Олардың өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр. Зардап шеккен тағы екі адамның жағдайы жақсы. Бүгін мемлекет басшысының тапсырысымен қаза болғандардың отбасына және зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету туралы сәйкес қаулы шығарылды. Яғни бүгін жағдай бақылауда. Сондықтан біз құқық қорғау органдарына қолдау көрсетіп, көмек көрсетуіміз керек", - деді Бауыржан Байбек.

Қатысты Мақалалар