Алматыдағы атыста жарақат алған тағы бір полицей қайтыс болды

/uploads/thumbnail/20170709041750226_small.jpg

Аурухананың жансақтау бөлімінде жол-патрульдік полициясының мамандандырылған батальоны қызметінің аға инспекторы полиция лейтенанты Тимур Бегасылов қайтыс болды, - деп хабарлайды Qamshy.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ол жол-патрульдік полициясының өзіндік қауіпсіздік экипажының құрамында Абылай хан даңғылында қызметін атқарған. Азамат Руслан Күлекбаевтың заңға қайшы әрекетіне тойтарыс беру кезінде Тимур Бегасыловқа оқ тиген. ЖМКА-ға полицей аса ауыр жағдайда түсті. Дәрігерлер оның өмірін аман алып қалу үшін барын салып күресті", - делінген ІІД таратқан хабарламада.

Полиция лейтенанты Бегасылов Тимур Тілеуұлы 25.07.1986 жылғы, ол құқық қорғау органдарында 2015 жылдың қаңтарынан бастап қызмет еткен.

Айта кетейік, бұған дейін, Алматыдағы атыс кезінде үш полиция қызметкері мен бір бейбіт тұрғын қаза тапқан болатын. 

Сондай-ақ, Алматыда болған терактіден қаза тапқандардың отбасына 15 миллион теңгеден, ал зардап шеккендердің отбасына бес миллион теңгеден берілетінін хабарлаған болатынбыз.

 

Қатысты Мақалалар