Қазіргі Қазақстан түрмелеріндегі жазасын алып отырған азаматтарымызға шетелден қаржылай көмек (общяг) көрсетіледі. Түрме авторитеттеріне көмек беретін шетел саяси күштердің қоятын шарты – теріс ағым салафизмді Қазақстанға жайдыру. Елдің тыныштығын бұзу.
Қапасқа түскен жалғыз адамды көпшілік болып "вербовать" етіп ағымнан шыға алмайтындай етіп тастайды. Отырып шыққан адам сол жолды бостандықта да жалғастырады. Ол жақындарын салафиттерге тартып, соңғы он жыл ішінде, қоғамға еніп кеткен дерт деп ойлаймын. Бұның зардабын келешекте міндетті түрде көреміз. Оларды тек күшпен тоқтатуға болады. Сөзбен, ақылға түсінбейді. Дереу шара қолданудың орнына, үкімет не күтіп отырғанын түсінбеймін.
Қазақ рулары Ислам дінін қабылдағалы бүгінге дейін еш қашан ағымдарға бөлінген емес. Ал кәзір аспаннан түскендей салафиттер мен уаxабиттер жаңалық ашып арамызда пайда бола қалды. Сонда баяғы аталарының жолы қайда қалды? Солардың көбісі дінді модаға айналдырып, содан пана тауып өз өздерін алдап жүрген адамдар. Көбісі бес алты Құран аяттары мен оншақты xадиспен, арабша бес алты- әстәғфирУЛЛАҺ, мәшә АЛЛАҺ, сүбxәнАЛЛАҺ сияқты сөздерді ғана біледі. Көбісінің өмірде жолы болмаған мектепте жақсы оқымаған, түрмеге қамалған мен оппозиция саясатын ұстанған адамдар. Қысқасы бір беткей, логика мен мышлениялары дамымаған, қысқа ойлайтын адамдар. Өкімет жақын уақытта бұларды жақсылап тұрып қолға алатынына үміттенемін. Ертеректе баяғы бас кесер немесе рекет намазға жығылыпты, сақал өсіріпті, сәләфит болыпты десе, қуанатын едім. Баяғыдай адам өлтіріп немес бір қылмыс жасамайтын болды, ал ағымды кейін танып біліп ес жинағанда Ханафи мәзxәбына кірер деп ойлайтынмын. Бірақ олай болмай шықты. Соңғы уақытта олар өзіңе шауып, ақыл айтып тиісетін болды. Бұндайларды тоқтату керек, шұғыл түрде!
Ербол Әубәкіровтің Фейсбуктегі парақшасынан алынды