Осыдан жирма күн бұрын түркі тілдес халықтар ақындарының айбозы, эпикалық жырдың осыдан бұрынғы қазақ жетпеген биігі, ерек тұлға, қырғыз халқының құлагері Шыңғыс Айтматовтың өмірде де, өлеңдеде құшағы айқасқан майдандағы серігі, мәдениетіміз бен әдебиетіміздің елшісі ретінде танылған Мұхтар Шаханов Іледе болып, талай қолына қалам ұстаған қандас бауыр-қарындастарына өзгеше Нәсихат айтып қайтып еді. 1 шілдеден бері сол ақынға мақтаулар, қаралаулар қаптаған жазбаларды әдеби сайттардан күнде көріп халық күрсінді, қазақтың ұлдарына өзге ешкім шегара бөлмеген еді, бірақ өзімізден-өзіміз бүлініп жатырмыз. Мынау – жүректі тырналаған сол наразылықтың үні, жан айғайымды ағаларыма жолдадым.
Бөрілер бірлігі
Алтайдың бұлты қазбауыр кілең,
Беретін аспан жазға ауыр рең.
Тел емген тайдай тебіспей өскен,
Не көрінді аға, аз бауыр, ұл ең?
Ұлы сол бұлттай шыңдарға ілескен,
Тау мінез өңкей сындарлы дескен.
Сол сезім қазір санадан кеміп,
Екілентті ғажап мұңдар бір ескен.
Місе етпей бабам құр аруағын,
Ен дала таныр мынау құраның.
Көкжалдар серті бұзылмас үшін,
Тәу етіп көкке дұға қылғамын.
Алтайдың бұлты көк түйдек сырдаң,
Осып жауатын отты ирек құрған.
Бірлігің кетсе іспетті менің
Кеудемді аға, оқ түйіреп тұрған.
1 шілдеде «Қазақ әдебиеті» газетінің сайтында Мұхтар Мағауинның Шахановқа айыптау жазған, қатты сөккен мақаласы жарияланды. Алмағайып көзсіз дүние қазақтың екі арысын итше ырылдастырып қойды. . . Бізге ақиқаты керек еді, ал оны жөнсіз білмес тобыр дүркірей таратып басына даңық келердей еліріп жүр, асыл сөз десе қой ауызынан шөп алмас халық өршіген жалындай өсектің қоламтасын көсеп жүр, қайырымсыздық мауиынге де, Шахановқа да қылшының жүзін бұрды, мүнымен ештеңе тынбасын білсе де ешкім бас тартпайды. . .
Қазақты көрге тығудан қазаққа қан жұтар, запыран құстырар қасрет қана келерін неге білмейді осы халық? Ққай елдің қоғамы қайшылықсыз дейсің, неге іштен танып, іштен білсіп жүре алмаймыз. . . Ағайын арасы араз, жұрты ұлына деген жанкештліктен айырылған халықты қай ел де болсын мүсіркей алады. Біз халқараға қандасымыздың кеудесін басып көкірегін тарылтар намыссздықты көтеріп барғанша, неге аяулы ұлдарыңыздың өзге ел танымаған шғармаларын, әблқаят суындай жүрек қанын сарқып жазған кітаптарын, ел үшін ізденген Еңбектерін алып бармаймыз.
Айдарбек Айбекұлы
Іле педагогика институтының студенті.
2016. 7. 6 сәске.