18 шілде күні Алматыда болған терактіде қолға түсіп, кейін ІІМ Қ. Қасымов «полицяға жасалған шабуылға қатысы жоқ таксиші екен» деген азамат та күдікке ілініп отыр. Полиция ұстаған сәтте оның қалтасынан Ержан Қошаев деген азаматтың жеке бәс куәлігі мен діни мазмұндағы мәтін жазылған қағаз табылған, - деп хабарлайды Qamshy.kz 365info.kz – ke сілтеме жасап.
Порталдың жазуынша журналист Серік Жолдасбай Ержан Қошаевқа қатысты мәліметтерді зерттеген. осы сұраққа жауап іздеген екен. С. Жолдасбай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында журналист «Ержанның салафит болуына кім кінәлі?» деген сұраққа жауап іздепті.
– Алматыдағы қырғында қолға түскен екінші күдікті Ержан Қошаевтың Вконтакте әлеуметтік желісіндегі парақшасына кіріп, қарап шықтым. Ол соңғы рет ВК-ға кеше сағат 14:18 кірген екен. Аталған әлеуметтік желіде Ержан бірыңғай діни мазмұндағы жазбалармен бөлісіп отырған, – дейді журналист.

Алайда, Серік Жолдасбайдың айтуынша, осыдан үш жыл бұрын ғана Ержан қазақша хит әндерді тыңдап жүрген, оны әнді орындаған әншілерге «жарайсың» деп мақтау сөз айтқан азаматтардың бірі болғанын байқауға болады.
– Сондай-ақ ол бірыңғай діни уағыздар тыңдамай немесе оқымай, желіде әртүрлі ойындар ойнаған. Ең алғаш рет Ержан 2014 жылғы 24-мамыр күні Құраннан үзінді жариялаған екен. Алайда, ол 2015 жылдың 27-наурызына дейін тағы да әртүрлі ойындар ойнаған сияқты. Дәл осы күннен бастап, бірыңғай діни мазмұндағы жазбаларды бөлісіп, жариялай бастайды, – дейді Серік Жолдасбай.
Ең қызығы,Ержан ВК әлеуметтік желісінде Дарын Мубаровтың парақшасына тіркеліп, оның уағыздарын тыңдап жүрген.
Журналистің сөзіне қарағанда, ол Дарынның «Жаннат пен Тозақ» видеоуағызын бөліскен екен.
– Демек, оның сәләфилік жолға түсуіне Дарын Мубаровтың ықпалы басым болып тұр. Сондықтан да құзырлы орган өзін Дарынның шәкірті санайтын кез келген адамды қауіпті санап, оларды арнайы тіркеуге алуы керек, – деп түйіндейді Серік Жолдасбай.
Сондай-ақ, полиция құрықтаған кезде Ержан Қошаевтың қалтасынан діни жазулар жазылған бір жапырақ қағаз табылған болатын. Бұл өз кезегінде әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып, күдіктінің діни ағымдардың біріне қатысы бары айтылған еді. Аталған мәселеге дінтанушылар мен имамдар да бейжай қарамағанға ұқсайды.
Солардың бірі — имам Исмайыл Сейітбеков күдікті Ержан Қошаевтың қалтасынан табылған жазба сәләфи ағымының ақидасы бойынша кәлиманың 7 шарты екенін айтып отыр.
«Бүгінгі Алматыдағы террорлық әрекетті жасағандар сәләфиттер екені тағы дәлелденді. Сәләфиттер өздерін судан таза, сүттен ақпыз, террорлық әрекетті жасайтындар тәкфирлер деп, тәкфирлерді жамандауға кіріседі. Ал, ұсталған жігіттің қалтасынан шыққан қағазда Мұхаммед ибн Абдулуаһһаб негізін қалаған уаһһаби, сәләфи ағымының ақидасы бойынша. кәлиманың 7 шарты жазылған.
Сәләфилер сол шарттарға сәйкеспеген адамды мұсылман санамай кәпірге, адасқанға шығарады.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисінде мұндай 7 шарт жоқ және ешбір жанға исламды қабылдар кезінде мұндай талап қоймағанын білеміз. Әһлу сүннет сенімі бойынша Лә иләһә иллалаһ Мухаммадур расулуллаһ деген адам мұсылман саналады. Сол қағаз лаңкес жігіттің сәләфи екеніне нақты дәлел деп санаймын. Бұған сәләфилер не уәж айтар екен?», — дейді имам Исмайыл Сейітбеков өз сөзінде.

Күдікті қолға түскен кезде halyknews.kz сайты оның қалтасынан табылған құжаттың жалған екендігі туралы мәлімет таратқанын естеріңізге саламыз.