Бүгін таңертең басталған жедел іздестіру шарасына орай Алматыдағы «Көк базар» жабылған, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Мақатаев пен Гоголь көшелерінің периметрін полиция мен сарбаздар қоршап тұр. Осы квадратта орналасқан «Рахат» кондитерлік фабрикасының әкімшілігі кәсіпорынның қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұрғанын айтты.
Қоршауда қалған «Көк базар» жарты сағаттай уақыт бұрын жабылған. Базарға кіріп үлгерген адамдар әзірге сауда орталығының ішінде қалған. Арнайы шара өтіп жатқан аумаққа жедел медициналық жәрдем, құтқару, газ қызметтерінің мамандары тартылған.
Бұған дейін Гоголь мен Мақатаев, Зенков пен Абдуллиндер көшелерінің арасында полиция жедел іздестіру шарасын өткізіп жатқанын хабарлаған болатынбыз.