Алматылықтар лаңкес қолынан қаза тапқандарды ақтық сапарға шығарып салды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709042225949_small.jpeg

Алматылықтар лаңкес қолынан қаза тапқандарды ақтық сапарға шығарып салды (ВИДЕО)

Алматыдағы «Балуан Шолақ» спорт сарайында 18 шілде күні болған терактіден қаза болғандарды ақтық сапарға шығарып салу шарасы өтуде,  - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Отставкадағы полиция подполковнигі Ғани Нұриманов ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкері Аян Ғалиевтің азаматтық жаназасына қала полицейлері, Қарулы күштер мен Ұлттық ұлан жеке құрамы, марқұмдардың туыстары, қала тұрғындары мен мекеме, ұйым басшылары жиналды.

Лаңкестік әрекет кезінде қайтыс болған 25 жастағы полицей Мақсат Сәлімбаевті де туыстары бүгін Алматы облысы Қарақастек аулына, ЖППАБ аға инспекторы Бауыржан Нұрмаханбетовты туыстары Жамбыл облысы Қордай ауылында жер қойнына тапсырмақ.  Шекарашы Азамат Әзімжановтың жаназасы бүгін Алматы облысы Панфилов ауданында өтеді.

Естеріңізге салсақ, 18 шілде күні Алматыда теракт болып, полиция мен ҰҚК департаментінің ғимаратына шабуыл жасалды. Қылмыскер қолынан барлығы жеті адам қаза тапты.

Қатысты Мақалалар