Ыстамбұл тұрғындары азаматтық соғыс бола ма деп қауіптенуде

/uploads/thumbnail/20170709042253840_small.jpg

Түркияның тарихи ірі шаһарының тұрғындары ұялы телефондарына әлі күнге дейін алаңға шығуға шақыру хабарламасы түсіп жатқанын айтуда.  Бұл туралы Сегодня.ua-ға сілтеме жасап Qamshy.kz жазады.

15-16 шілдеде болған оқиғадан бері Стамбұл мен Анкара көшелері полиция күзетінің бақылауында.  Ақпараттық портал журналисіне сұхбат берген Ыстамбұл тұрғындары бүгінде  бұл өңірде кімнің немен айналысып жатқаны белгісіз, азаматтық соғыс бастала ма деген үрей барын айтқан. «Біз үшін өте қиын кезең басталды, азаматтарға қауіп төнуде» дейді Эрджан Йилмаз есімді Ыстамбұл тұрғыны. Ол өз басы Ердоғанды қолдамайтынын бірақ демократия мен бостандықты жақтайтынын жеткізген.

Естеріңізге сала кетейік, 15 шілде күні түнде Түркияда мемлекеттік төңкеріс жасаушыларды үкімет басып тастаған болатын. Бірақ ел іші әлі де тыныш емес көрінеді. Түрік билігі төңкерісті ұйымдастыруға оппозиционер уағызшы Фетхуллах Гюленнің қатысы бар деп санайды. Түркияның Әділет министрлігі бүгінде АҚШ-та тұрып жатқан Ердоғанның қарсыласын экстрадициялау туралы сұрау жіберді.

Қатысты Мақалалар