31 арнада таңғажайып «Ертұғрыл» телехикаясының екінші маусымы басталады. Бұл телехикая көрерменді тарих қойнауына сүңгітіп, Осман империясының қалыптасу кезеңі, ұлы көш, жаңа жерлерді жаулап алу, тарихи жорықтар және ғажайып ғашықтық хикаяларына куә етеді.
Түркияның өзінде телехикаяның бірінші бөлімі барлық телеарналарды жарып, рейтингтің көшін бастайды. Түркияның әлеуметтік желі қолданушылары оны «Тақтар ойыны» телехикаясымен салыстырған. Картинада І Османның әкесі Ертұғрылдың өмірі және Осман империясының құрылу тарихы баяндалады. Ертұғрыл Қайы тайпасының түрік-оғыз руының көсемі. Ол Рум селжұқтарына византиялықтарға қарсы күресте көмектесу үшін 400 қолмен Мерведен (Түркіменстан) Анадолыға келеді. Осыдан бастап оқиғалар желісі өрбіп, Осман империясының құрылуына себеп болады.
Айтқандай, осы жылдың тамыз айында Ертұғрыл туралы телехикаяның Стамбулдағы түсіріліміне қазақстандық Nomad Stunts каскадерлер тобы да қатысады. Ол түріктің Tekden Film кинокомпаниясымен серіктестікті осыдан екі жыл бұрын бастаған. Ол кезде қазақстандық каскадерлерді күрделі трюктерді орындап, актерлерді телехикаяға дайындау үшін шақырған болатын. Ал биыл, топ жетекшісі Жайдарбек Күнғожиновтың айтуынша, «Ертұғрылдың» продюсерлері бұрынғыдан да қиын әрі қауіпті сахналық көріністерді бейнелігісі келеді екен.
- «Ертұғрылдың» жалғасы Стамбулда түсіріледі, - дейді Жайдарбек Күнғожинов. – Біз биыл көптеген ұрыс көріністерін Қазақстанда түсіргіміз келген. Алайда Түркияда екінші фильмнің түсірілімі басталып кеткендіктен үлгере алмадық. Бірақ біздің ортақ жоспарымыз бар. Келесі жылы «Ертұғрылдың» ұрыс көріністерін Қазақстанда түсіреміз деп ойлап отырмыз. Продюсер түсірілімге арналған жерлерді көрді. Мен оған таудың, даланың суреттерін көрсеттім. Бірден ұнатып қалды.
Телехикаяның продюсері әрі сценаристі Мехметтің Боздагтың айтуынша, Ертұғрыл барлық империялық күшпен басып алынғандарды Анадолыға жинап, 400 шатырлы қала тұрғызған. Ертұғрыл арманына жетемін деп жүріп, әлемге жаңа мәдениет сыйлады. Ол әлемді өзгерткен мемлекеттің іргетасын қалады. Ал біз өз хикаямызда халықтың тағдырын өзгерткен жанның қайсар мінезі, сиқырлы махаббаты және әділетке жеген іңкәрлігі туралы сөз етеміз», - дейді режиссер.
Айта кетейік, телехикаяның түсіріліміне дайындық кезеңі бір жылғак созылды. «Бұл уақыт ішінде біз сценарийді, декорацияларды, костюмдерді және басқа да қажеттіліктерімізді дайындадық. Шетелдік ат акробаттарының, экшннің, би топтарының және әскери жасақтардың көмегімен 13-ші ғасырға сәйкес келетін көрініс жасап, түсірілімді өз кестемізге ыңғайладық, - дейді Мехмет Боздаг.
Телехикая қамтылған ауқымы жағынан ең үздік голливудтық эпопеялардан қалыспайды. «Ертұғрылда» негізгі 30 кейіпкерлерден өзге қосымша актерлер бар. Олардың саны мыңға жуықтайды. Түсірілім тобының өзі 250 адамнан тұрады. Сол кезеңге сәйкес келетін екі шоқының декорациясын, сонымен бірге түсірілімге арналған костюмдердің барлығын Riva және Kundura сияқты ірі фабрикалар дайындаған. Сонымен қатар, костюмдер мен декорациялар үшін 4 мың метр мата қолданылған. Көптеген костюмдер мен әшекейлер фольклорлық ансамблдер қолданатын аксессуарлардан алынған. Оның барлығын Түркияның маңынан жинаған. Ал ағаш бұйымдардың барлығы қолдан жасалған. Оның үстіне, тек қана декорация мен киім-кешек жасауға 60 адам жұмылдырылған.
Біздің Nomad тобымыз телехикая үшін түсірілген 25 атты тұсаулады. Қарақұйрықтар, түйелер, қойлар, ешкілер, бұлбұлдар және шілдер – телехикаядан сіздер көретін 50-ге жуық жан-жануарлардың бәрі актерлік кастинг арқылы таңдалған. Түсірілім кезінде жанымызда мал дәрігері болды. Ал театр актерлері үшін түсірілім алаңында жедел жәрдем көлігі үнемі күзетте тұрды.
Riva фабрикасы жалпы саны 40 мың шаршы метрлік шатырды жасап шығарды. Оның ішінде 600 шаршы метрлік Сүлеймен Шахтың шатыры, сонымен бірге Ертұғрылдың көшін құрайтын, 13-ші ғасырға чсәйкес келетін басқа да 35 шатыр бар.
Ал Kundura фабрикасы аумағы 11 мың шаршы метр болатын бүтін сириялық қала – Алеппоны (Халеп) тұрғызды. Оның ішінде, Алеппо сарайы мен оның қонақ бөлмелерін, сонымен қатар селжұқтардың қосын, тамплиер сарбаздарының бекінісін, оның залдары мен бөлмелерін сол дәуірдің құрылыс нысандарының айнымаған көшірмесін жасап шығарды.
Сондықтан «Ертұғрылды» - тек қана түрік емес, сондай-ақ әлем кинематографиясы тарихындағы ең ауқымды жобалардың бірі деуге болады.
31 арнадан тамашалаңыздар! Бағдарламаны өткізіп алмаңыздар!