Әннен шаршаған тойшыл қауым көшелі сөзді аңсайды

/uploads/thumbnail/20170709042408341_small.jpg

Осы жаздан бастап «Керемет күн» отбасылық-мерекелік журналы өз жұмысын бастады. Мақсаты – ағайын-туыстың арасын жақындастыру, әнші мен шоудан ақшасын аямайтын азаматтарды ақша үнемдеуге, мағыналы іске жұмсауға шақыру. Әрине, одан соң комерциялық бағытты көздейді. Оның да себебі бар...

Журнал той иесі туралы толық мәліметті, отбасының, әулетінің тарихын қамтиды, бала кезден бергі суреттеріне, достарының естеліктеріне орын береді. Кез келген той түріне, асқа, әулет, ру, яки ұжымның тарихына арналатын басылым әр нөмірін бір тойға (асқа, руға, т.б) арнайды. Шығарушылардың айтуынша, бұл болашақ ұрпақ үшін естелік болмақ. Журналдың ұраны да осы мәндес: «Тарихты бірге таңбалайық». Яғни, әрбір той, ас – ол әулеттің тарихы, ол орнымен қағазға түссе, келешек ұрпақ үшін құнды жәдігер болады.

Және журналдың тағы бір артықшылығы, кейінгі кезде көптеп жарық көріп жатқан әулеттік кітаптарға қарағанда әсерлі де тиімді. Себебі, мәтіннің сапасы жоғары болады, әрі суреттермен көркемделеді. Тойда, аста таратуға ыңғайлы, қыз жасауына қосуға болады. Бағасы да әншілерге берілетін ақшадан қымбат емес.

Журнал туралы бастама көтерген азаматтар осыған дейін әртүрлі ұлттық бағыттағы жобалар бастағанын, бірақ қаражат мәселесі шелмегендіктен, жұмыстары ойдағыдай жүрмегенін айтады. Енді осы «Керемет күн» сол жобаларға демеуші болуы тиіс.

«Керемет күн» журналы мемлекеттік тіркеуден өтіп, куәлік алған, идеясы иесіне тіркеліп, рәсімделген. Барлық құқықтары қорғалған.

Қатысты Мақалалар