Елбасынан "бата" алған африкалық жігіт қазақ қызына ғашықтығын құмарлықпен әңгімелеп берді (Фото, видео)

/uploads/thumbnail/20170709042411982_small.jpg

Елбасынан "бата" алған африкалық жігіт қазақ қызына қалай ғашық болып, үйленгенін әңгімелеп берді, - деп жазады Qamshy.kz

Білім және ғылым министрлігінің ютуб каналына сұхбат берген Даниэль Джеймс Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты XXIV сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында қазақ тілінде ән шырқап берген еді.

Естеріңізде болса, Елбасы сол кеңесте Даниэьлге "Нигериядан келіп, Қазақстанда қалып қойған азамат бізде әлі болған емес. Сондықтан сен тамырыңды осында жай" деп "батасын" берген-ді. 

Сол "қара" бала Даниэль Джеймс қазақ қызына қалай ғашық болғанын, үйленерде қайын атасы қарсы болғанын айта келе "қазақ тілін үйренуіне махаббат әсер етті", десе, "қайын атасының рұқсат беруіне қазақ тілін білуім әсер етті" дейді.

 Даниэль Джеймс 1991 жылы Нигериядағы Лагос қаласында дүниеге келген.

Бүгінде Алматыдағы Африкалық жастар қоғамының президенті болып отырған Даниэль Джеймстің анасы орыс ұлтынан. 

"Мен өзім аралас отбасында тәрбиеленгендіктен, мұндайға мән бермеймін. Мен аппақ қазақ қызына ғашық болдым. Және ақ көңіліммен онымен бірге болғым келді" деген Даниэль келіншегі Айданамен Алматының Арбатында танысыпты.

Қазақстанда тұрып жатқанына бес жыл болған Даниэль кәсіби музыкант. Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының түлегі. Фортепиано мен домбыраның құлағында ойнайтын "қара" жігіт бүгінде қазақ қызы екеуі Адель есімді бір ұлды тәрибелеп отыр.

"Менің ағылшын тілінде таныспақ болғаныма, ол қазақша жауап берді. Менің махаббатым қазақ тілін үйренуіме себеп болды" деген Даниэль қазақ қызы Айданаға қалай ғашық болғанын ауызының суы құрып әңгімелеп берді. 

Өзге ұлттардың сол елдің қызына қалай құмар екенін құштарлықпен айтатын "дәстүр" біздің елде ғана бар сияқты ма, қалай?

Қатысты Мақалалар