Алматы полициясы теракт туралы «өсек таратқан» екі адамды ұстады (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709042912280_small.jpg

Алматыда полиция теракт туралы жалған ақпарат таратты деген күдікпен екі адамды ұстады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

«Қоғамдық үрей туғызушылардың ретінде анықталғандардың бірі 1995 жылы туған студент қыз. Алматыдағы оқиға туралы жазбалардың астына қалдырған пікірлерінде ол «Сити плюс» сауда үйінде адамдар кепілдікке алынғанын, қаза болғандар бар екенін табанды түрде мәлімдеген. Сол уақытта 1993 жылы туған басқа пікір жазушы қаланың төменгі жағында 100 қарулы адам оқ жаудырып жүргенін жазған», - делінген ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Екі күдікті де ұсталып, Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Полиция басқа да осындай «өсекшілерді» іздестіруді жалғастыратынын хабарлайды.

Қатысты Мақалалар