Алматыда өртенген тұрғын үйден 103 адам эвакуацияланды

/uploads/thumbnail/20170709042909654_small.JPG

Алматыда тұрғын үй өртеніп, онда тұратын 103 адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Qamshy.kz қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуған Баймұхамбетоваға сілтеме жасап.

10 "А" ықшамдауданындағы 4 қабатты үйдің 4-қабатында шыққан өрт шыққандығы туарлы хабар таңғы сағ 08.47-де түскен. 

-Өрттің аумағы  40 шаршы метрді құрады. Тілсіз жауды жою барысында 103 адам қауіпсіз аймаққа шығарылды. Оның 23-і балалар, - деді ТЖД ресми өкілі Баймұхамбетова.

Өрттің шығу себептері анықталуда.

Қатысты Мақалалар