Оңтүстік Қазақстан облысы «Береке» бағдарламасы бойынша жеке шаруашылықтарға 1 мың шағын мал бордақылау алаңын қаржыландыру жоспарланған екен. Осы мақсатта 913 шаруаға 2,4 млрд. теңге несие берілді. Бұл туралы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметі хабарлады. Шағын несие негізінен 5-20 ірі қара мал басын бордақылайтын жеке шаруа қожалықтарға беріліп отыр.
Жыл басынан бері «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» жалпы көлемі 9,2 млрд теңгеге 3,7 мың жобаны қаржыландырған екен. Несие қаражаты негізінен ірі қара, жылқы және құсты бордақылау мен ауылшаруашылық өнім алу үшін сатып алу, сондай-ақ, мал азық сатып алуға мақсатында жұмсалуы тиіс болған.
Несиенің максималды сомасы – 3 миллион теңгеге дейін, қарызды мерзімнен бұрын өтеген қатысушылар үшін – 5 миллион теңгеге дейін болып табылады. Қарыздың берілу мерзімі толық – 4 жыл. «Береке» бағдарламасы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры тарапынан әзірленген еді. Республика бойынша 2016 жылы 55 мыңға жуық мал басына арналған 7 мыңнан астам шағын мал бордақылау алаңы қаржыландырылады деп күтілуде.
Максималды берілген мемлекеттік несиенің арқасында Оңтүстік Қазақстан облысында мал бордақылау жұмыстары сәтті жүріп, асыл тұқымды малдарс аныны арттықу жоспары толығымен орындалып келеді. Бұл үшін Оңтүстіктің малшылары бар күш-жігерлерін салып еңбек етуде. Ендігі мақсат, мал саныны арттырып қана қоймай, олардың күтіміне де аса сақтықпен қарамақ ниетте екен.
Енді осы қаржыландыру арқасында аймақтағы ауыл шаруашылығы мықтап қолға алынуы жоспарлануда.
Пікір қалдыру