Пәкістан қарулы күштері ел аумағында содырлар бар екенін мойындады

/uploads/thumbnail/20170709061838890_small.jpg

Пәкістанның қарулы күштері ел аумағында «Ирак пен левант» лаңкестік тобының содырлары әрекет ететінін мойындады. Үкімет жасағы осы күнге дейін қаскөйлік топқа қатысы бар деген күдікпен 300 адамды тұтқындаған, - деп хабарлайды Qamshy.kz 24Хабарға сілтеме жасап.

Олардың 250-ден астамы сол өңірдің тумасы. Әскер басшыларының айтуынша, жергілікті тәртіп сақшылар дер кезінде әрекет етіп отырған. Соның арқасында Исламабадтағы әуежай мен елшілік маңында жарылыс жасауды ұйымдастырған экстремистердің арам ойы іске аспады. Еске сала кетейік, өткен айда Кветта қаласындағы ауруханада жанкешті өзін жарып, 70 адамды ажал құштырған болатын. 100-ден астамы жараланды. Қастандықты «Ирак пен левант» лаңкестік тобы мойындаған. Іле шала «Джамаат-уль-Ахрар» содырлары да шабуылды өз мойнына алған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар