Маңғыстау облысындағы 172/6 қатаң режімдегі түрмесінде арнаулы орта оқу орны ашылды. Мұнда 200 жазасын өтеуші білім алуда. Оның 80-і кешкілік мектепте оқиды. Қалғаны колониядағы колледжде екі жыл білімін шыңдамақ, - деп хабарлайды Qamshy.kz 24Хабарға сілтеме жасап.
Мұнда темір жонушы ағаш шебері және кран машинистері даярланады. Келешекте мамандық санын көбейту жоспарлануда. Жазасын өтеушілердің түрмедегі өндіріс алаңдарында тәжірибеден өтуіне жағдай жасалған.
- Мектепте бүгінде таңда 6-12 классқа дейінгі алты сынып бар, теориялық сабақтардан өтеді. Бұған қосымша өндірістік аймақта практикалық жұмыстардан өтеді. Кәсіпкер ретінде жұмыс істеп жатқандары өз жалақыларын алып отыр, - дейді ГМ 172/6 түзету мекемесінің басшысы Асылбек Анарбаев.
Пікір қалдыру