2016 жылдың 25 тамызы күні Алматы облысы, Талдықорған қаласында орналасқан І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында Алматы облысы білім беру қызметкерлерінің «Білімді ел – Мәңгілік ел» атты дәстүрлі Тамыз кеңесі болып өтті.
Биылғы педагогикалық кеңес білім беру саласын қайта құру, білім мазмұнын жаңарту мәселелеріне арналады. Педагогикалық кеңеске облыс әкімінің бірінші орынбасары Л.Тұрлашов, басқарма басшылары, аудан әкімдері, білім беру мекемелерінің ұстаздары, директорлары, өңірлік дарынды балаларға арналған орталықтардың басшылары мен өкілдері қатысты.
Пленарлық отырыстың салтанатты ашылуында Алматы облысы Білім басқармасының басшысы Ләззат Тілеубайқызы: «Білім саласындағы тың жаңалықтарды игеріп, туындаған күрделі мәселелердің оң шешімін табу – ұстаздардың нәтижесінде айқындалатыны баршамызға аян. Олай болса, болашақ бүгінгіден де нұрлы болуына ұстаздар қауымы нық қадаммен дайын болуы тиіс»,- деп Тамыз кеңесіне қатушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Кеңес барысында мемлекеттік білім және ғылым саласын дамыту бағдарламасын іске асырудағы маңызды мәселелер талқыланып, білім сапасын арттыруға қатысты жаңа ұсыныстар әзірленеді.
Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Кенжехан Ісләмжанұлы Матыжанов «Біліктілікті арттырудың жаңа жүйесі: құзыретті педагог – «Мәңгілік елдің» басты тұлғасы» атты баяндамасында: «Біздің алдымызда Елбасы бастаған, еліміз қолдаған асқаралы міндеттер тұр. Оның ең бастысы: Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңартудағы білім беру реформасын әрі қарай сапалы жүзеге асыру. Біз ғылыми-әдістемелік орталық ретінде облыс мектептерінің ахуалына әлеуметтік зерттеу жүргізіп, рейтингін қалыптастыруға, әрбір мұғалімнің қызметтік құзыретін есепке алып, бақылау картасын жасап беруге даярмыз»,- деп айтып өтті.
Тамыз кеңесінің пленарлық мәжілісінен кейін институт әдіскерлері секция жұмыстарында модератор болып, облыс педагогтарының біліктілігін шыңдауға өз үлестерін қосты.
Тамыз кеңесі аясында Алматы облысы Білім басқармасы және «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының мұрындық болуымен облыстың білім беру ұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.
Пленарлық мәжіліс соңында үздік білім қызметкерлерін марататтау рәсіміне ұласты. Алматы облысы білім беру қызметкерлерінің Тамыз кеңесі нәтижесі бойынша білім беру мазмұнын жаңарту идеяларын жүзеге асыруға бағытталған оқу үрдісін жетілдіру туралы ұсынымдар қабылданды.
Гүлзада Бөлегенова,
экономика және бизнес магистрі
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты
Пікір қалдыру