Ташкент әуежайында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

/uploads/thumbnail/20170709062307675_small.jpg

«Ташкенттің «Оңтүстік» әуежайында Өзбекстанға ұшып келіп жатқан барлық адамды тексеру күшейтілді. Ұшып келушілер алаңында бірнеше жүз адам жиналып қалды,  - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Барлық келушілерден келу мақсаты сұралып жатыр. Заттар мен құжаттарды мұқият тексеруде, әсіресе шетелдіктерге аса мән беріліп жатыр. Осының кесірінен шекарадан өту екі-үш сағат уақыт алуда.

Ел үкіметі мен парламенті Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың жұма күні 78 жасында өмірден озғанын хабарлады. Жерлеу рәсімі 3 қыркүйек күні Самарқанда өтеді. 

Қатысты Мақалалар