Ташкенттің мыңдаған тұрғыны Кәрімовпен қоштасу үшін көшеге шықты

/uploads/thumbnail/20170709062328175_small.jpg

Өзбекстан астанасының бірнеше мың тұрғыны Ислам Каримовтің денесін әуежайға алып өтетін қаланың орталық көшелерінің бойына шықты, - деп хабарлайды ресейлік РБК агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат.  

 Еске сала кетсек,  ел билігі Өзбекстан басшысының қайтыс болғанын ресми 2 қыркүйекте хабарлаған еді. Ислам Каримовті 3 қыркүйекте Самарқанд қаласына жерлейді. Бүгін таңертең Ташкенттің орталық көшелерінің екі жағына қолдарына гүл ұстаған қала тұрғындары тізілді. Қозғалыс бөлігіне жақын тұсқа екі қатар полиция қызметкерлері қойылған. Көрші көшелерде көлік қозғалысы тоқтатылған. Сондай-ақ, қалада пойыздардың жүру кестесі де өзгертілген.

Жергілікті тұрғындар көшбасшымен қоштасу үшін таңғы 4.00-ден бастап жинала бастапты. 

 
Қаралы кортеж Ислам Каримов күн сайын жұмысқа баратын президент тас жолымен жүріп, кейін әуежай жаққа бұрылған. 

 

Ташкент тұрғындары қоштасу рәсімінен суреттер мен видеолар жариялап, #мойпрезидент #withKarimov хештегтерін қолданып жатыр.  Ал осыған дейін Өзбекстан президентінің кіші қызы Лола Каримова  Instagram желісінде әкесінің қайтыс болғанын мәлімдеді. "Ол бізді тастап кетті... Сөз таңдап отырып, өзім сене алар емеспін", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі ресми аккаунтында. 

   Еске салайық, Өзбекстан президенті Ислам Каримов 78 жасында қайтыс болды.  Ислам Кәрімовті жерлеу рәсімі Самарқанда 3 қыркүйекте өтеді. Президенттің қазасына байланысты Өзбекстанда үш күнге қаралы күн жарияланады. Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримовтің қайтыс болуына байланысты Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Нигматилла Юлдашевке көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын. Конституцияға сәйкес, президенттің міндетін уақытша орындаушы - Өзбекстан Республикасының Олий Мәжілісінің Сенат төрағасы Нигматилла Юлдашев.

 

 

Қатысты Мақалалар