Сталиннің Түркияға көрсеткен құқайы еске түсті

/uploads/thumbnail/20170708150722547_small.jpg

Ресей КГБ-ның бұрынғы бастығы Путиннің Ресеймен шынайы достық қарым-қатнаста болып келе жатқан Қазақстанға осылайша дипломатиялық әдеп пен сыпайылықтан озған бір жақты ескерту методикасы 1945 жылы сол кездің Кеңес Одағы жетекшісі Сталиннің Түркияға жасаған қоқанлоқысын еске түсіруде.

Ресей Президенті Владимир Путин 2012 жылы, 7 маусым күні Қазақстанға ресми сапармен барған күні Қазақстандағы нысанаға Ресейдің стратегиялық зымыраны атылды. Cаяси сарапшылар бұл жағдайдың кездейсоқ еместігін айтуда. Ресейден Қазақстандағы нысанаға атылған құрылықаралық зымыран түнде Түркия, Израил, Армения, Ливия және Қавқазия елдеріне беймәлім сәуле ретінде көзге түскен де адамдар оны НЛО деп ойлап үрейленген.

Известия газетінде шыққан бір мақалада, Путиннің осы сапары кезінде Назарбаевтан Қазақстанның Актөбе мен Қостанай облыстарын халқымен бірге жалға сұрайтыны да атап өтілді.

Мақалада айтылғанындай, бұл облыстар осы мақсатта Ресей тарапынан 2007 жылға дейін қолданылып келіпті. Бірақ 2007 жылы қыркүйек айында зымыран Протон апатынан кейін Қазақстан оны бір жақты тоқтатқан. Сонымен қатар Ресейден сол апаттың Қарағанды аймағына келтірген экологиялық және экономикалық зарар-зияндары үшін 61 миллион доллар айып пұл төлеуін талап еткен.

Осыдан кейін Ресей Ғарыш агенттігінің зымыран ұшырауға сұраған рұхсаттарын Қазақстан қабылдамаған. Ол үшін жаңа бір келісім жасаудың тиістігі білдірілген. Бірақ Ресей жағы жаңа келісімшарт жасаудан бас тартқан көрінеді. Сондықтан, аталмыш зымыранды міне осы және басқада талаптардың Қазақстан тарапынан қанағаттандырылуы үшін жасалған қоқанлоқы деп түсінуге негіз бар.

Путин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа риза емес екенін президент болып сайланғаннан кейін Орта Азияға алғашқы сапарын Өзбекстанға жасау арқылы да байқатқан еді. Сол кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жағдайы, аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылық және 2014 жылы халықаралық коалициялық күштердің Ауғанстаннан шығып кетуінен кейін заңсыз нашалық заттар саудасы мен лаңкестік қатерлердің ең төменгі деңгейге түсірілуі мәселелері қолға алынды.

 Кәримов пен Путин, осы кездесуден соң, Ресей мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестік байланыстарының тереңдетілуі туралы мәлімдеме мен Өзбекстанның ТМД елдері арасындағы еркін сауда аймағына қатысуына байланысты екі жақты түсініктеме меморандумына қол қойды.

 Ресей туралы зерттеулерімен танымал Иляс Қамаловтың анықтағанындай, Ресейді жаһандық күшке айналдыруға кіріскен Путин осы мақсатына жету үшін алдымен жақын шетелдерді уысына қондыру керектігін ойлауда. Сондай-ақ жақын шетелдермен байланыстарын күшейтуді және олардың Ресейден өзге елдермен байланыстарын шектеуді қалауда. Осы мақсат турасында алғашқы қадамын жасап отырған Путин Назарбаевқа сес көрсетумен тек ғарыштық мәселелерде емес, халықаралық байланыстарда да аяғын аңдып басуы үшін ескерту жасап, Ресейдің талап-тілектеріне мойынсұнбаған жағдайда күш қолданудан тартынбайтынын меңзеген сияқты.

 Ресей КГБ-ның бұрынғы бастығы Путиннің Ресеймен шынайы достық қарым-қатнаста болып келе жатқан Қазақстанға осылайша дипломатиялық әдеп пен сыпайылықтан озған бір жақты ескерту методикасы 1945 жылы сол кездің Кеңес Одағы жетекшісі Сталиннің Түркияға жасаған қоқанлоқысын еске түсіруде.

 Ататүрік пен Ленин 1921 жылы, 16 наурыз күні жасаған Мәскеу келісімімен негізі қаланған түрік-кеңес достығын Сталин 1945 жылы бір жақты жойып Түркиядан Қарс және Ардахан қалаларын сұраған сондай-ақ Босфорыстан әскери база талап еткенін Анқараға білдірген еді.

 Бірақ оның бұл талаптары керісінше нәтиже берді де, Сталиннің қоқанлоқысы Түркияны Батыс елдеріне көбірек жақындатып жіберді. Батыстың ашық түрде Түркияның қасынан табылуы Сталиннің зорлық-зомбылығын іске асыруына кедергі болды. Сталин өлгеннен кейін Кеңес үкіметі, 1953 жылы, 30 мамыр күні Анқараға бір нота жіберіп “Кеңес Одағының Түркиядан әрқандай бір жер талабы болмағандығын мәлімдейміз” деуге мәжбүр болды. Сөйтіп Сталинін ашық түрде тілге тиек еткен талаптарынан Мәскеу көп ұзамай айныған еді.

 Арадан қаншама жыл өткенімен осы ұятсыз талап Кеңестік дипломаттардың ар ождандарында мазасыздыққа себеп болып жүрген болса керек, Тұрғыт Өзал уақтында түрік-кеңес байланыстары жаңа бір достық кезеңіне көтерілгенде, олар осы жағдайдан ұялып бұл мәселе туралы әңгімелесуді қаламайтындықтарын айтқан. 1986 жылы, 20 шілде күні Миллиет газетіндегі мақаласында М.Әли Бирандтың келтіруі бойынша, Кеңестік ресми қызметкерлер түрік журналисттеріне бір кездері Сталиннің Түркиядан жер-қала сұрауының үлкен қателік болғанын, мұны ұмытуды және бұл мәселе туралы сөйлеспеуді қалайтындықтарын атап өткен.

Қазіргі таңда, Сталиннің Түркияға қарата жасаған осы қателігін 67 жыл өткеннен кейін Путин Қазақстанға жасауда. Мұндай құқайлар мен негізсіз талаптар бұрында табысқа жеткен жоқ, бүгінде табысқа жетпек емес.

 Әбдіуақап Қара – Стамбұл

Сурет nnm.ru сайтынан алынды

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар