Әлиевтің тұтқындалуы. Ресми және бейресми пікір

/uploads/thumbnail/20170708152728330_small.jpg

«2014 жылдың 5 маусымында Австрия Республикасының құқық қорғау органдары Вена қаласында Р.М.Әлиевті ұстаған.
Вена қаласының прокуратурасы өкілдерінің мәлімдемесіне сәйкес, Р.М.Әлиевті ұстауға «Нұрбанк» АҚ топ-менеджерлері Ж.Темірәлиев пен А.Хасеновті ұрлау және өлтіру фактісі бойынша тергеу материалдары негіз болған.  Мұның алдында осы айыптаулар бойынша экстрадиция жасаудан бас тартылғандығына байланысты қазіргі уақытта бұл тергеу жұмыстарын Австрияның құзыретті органдары жүргізуде. Австриялық тарап осы іс бойынша құқықтық көмекке жүгінген жағдайда Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы оны тиісті көлемде көрсетуге дайын. Австриялық тараптан осы іс бойынша ресми ақпараттың түсуі туралы қосымша хабарланатын болады», - делінген хабарламада. 

Тәуелсіз саясаткер  Әміржан  Қосанов Әлиевтің  тұтқындалуына қатысты  өз көзқарасын  білдірді:   Егер де бұл ақпарат рас болса, онда мынадай бірнеше сұрақ туады.Біріншіден, ол полицияға неге өз еркімен келді? Бұл шарасыздық па, әлде алдын-ала ойластырылған қадам ба? Бәлкім, «мен шетел құқық қорғау органына өзім келдім, ендігі жерде сөйлей бастасам...» деген бізді билікке берген белгісі ме? Екіншіден, биліктің өзі кешегі «крутой» куйеубаланы қолға түсіруге шынымен де ниетті ме? Меніңше, қазіргі біилік өзінің ішкі құпияларына әбден қанық ол сияқтылардың шетте жүре бергеніне мүдделі. Әйтпесе, олар біздің сотта сөйлей бастаса, саяси жүйе астан-кестен боп кетуі мүмкін! Өйткені қазіргі билікте отырған көп адамның арты ашылып қалуы сөзсіз! Ашынған күйеу бала оларға дұшпан болары хақ! Үшіншіден, өзін өзі қорғап қалу мақсатында кешегі күйеу өзін «Қазақстандағы авторатиразиммен күрестің көшбасшысмын» деген желеуді пайдалануы мүмкін. Бірақ та ел ішінде осы күнге дейін Әлиевке қатысты айтылып жүрген адам денесі түршігерлік оқиғалар мен сауалдарға ол өзінің ашық та бүкпесіз жауабын бермей, оны қудаладаудың саяси астарына ешбір ел мән бермеу тиіс. Әйтпесе, кез келген кешегі қылмыскер бір күннің ішінде өңін айналдырып, «оппозиционер» боп шыға келуі мүмкін ғой. Онда не істейміз? Кеше ғана қасымызда Заманбек, Батырхан, Алтынбек, Асқат бірге болған қатарға қабылдай саламыз ба? Сондықтан Әлев мырза өзінің жеке басына тағылып жатқан ауыр да адам көтергісіз айыптарға жауап беруі тиіс! Төртінші мәселе – отбасылық мәселе. Ел ішінде «Әлиев күйеу баласы ғой, өз қолынан елбасы қалай кеседі?» деген де сөз жоқ емес. Бәлкім Венада өзі полицияға келуі сол үлкен сценарийдің бір бөлігі болар?  Бесінші мәселегің геосаяси астары бар. Әлиев ҰҚК-ның бірінші орынбасары болған адам, білмейтіні жоқ. Соның ішінде ел экономикасы мен кауіпсізідіген қатысты құпия мәселелерге қанық болған. Кім біледі, ендігі жерде лны елге экстрадициялау мәселсін Батыс елдері өзінің Қазақстанмен саяси ойынында пайдаланары да мүмкін. Ең соңғы мәселенің ішкі саяси өмірге, соның ішінде тақталастық тақырыпқа тікелей қатысы бар. Өйткені өзі туралы, саяси жүйе туралы кешегі күйеубаласының осында келіп, жұрт біле бермейтін жайттарды айта бастағаны президентке керек емес. Ал оны соншама күш салып, елге қайтарғысы келетін қандай күш екен? 

Дереккөздер   baq.kz, facebook.com

Қатысты Мақалалар