Министр: Мемлекеттік қызметкерлерді қазақша сөйлету керек

/uploads/thumbnail/20170708152741419_small.jpg

Үкімет келер жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлерді қазақ тілін үйренуге міндеттемек. Бүгін мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы осылай деп сүйіншіледі.

Бұл ретте қазақ тілін үйретуге арналған "Қазтест" жүйесі жетілдіріліп жатыр. Соның аясында 5 деңгейден тұратын оқу-әдістемелік құрал дайындалған. Министрлік осы бағдарламаның көмегімен мемлекеттік тілді насихаттау және таратуды тиімді жүргіземіз деп отыр. Нақты мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан халқының тек 63 пайызы ғана қазақ тілін меңгеріпті. Ал орыс тілін игергендер 92 пайызды құрайды.

АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ, ҚР Мәдениет министрі:

Ендiгi кезекте мемлекеттiк қызметшiлерге қазақ тiлiн меңгерудi мiндеттеген дұрыс. Мұны 2015 жылдан бастап орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына сатылы түрде ҚАЗТЕСТ жүйесiн енгiзу арқылы шешемiз.

31.kz

Қатысты Мақалалар