Алматыда сауда орталықтарын салафиттер «иемденіп» жатыр

/uploads/thumbnail/20170709180142674_small.jpg

Алматыда адамдар көп жүретін жерлерде орналасқан сауда орталықтарын салафиттер «иемденіп»» жатыр. Бұл туралы «31 арна» дабыл қақты.  Қала тұрғындары дінге жауапты басқармада да салафиттер жасырынған және топ болып сауда жасайтын қанша орталықтың барын ашық түрде айтып берген. Басқарманың мәліметінше, түр-тұлғасы күдік туғызатын діншілдердің негізгі орыны "Кар сити", "Көкбазар" және  орталық мешіттің маңы екен. Сондай-ақ, оларды  ұялы телефондарды сатумен немесе жөндеумен айналысатын дүңгіршектерден көп кездестіруге болады.

 Бұл Алматыдағы Көкбазар мен орталық мешіт маңы.  Былайғы өмірде сіз оларды байқай бермеуіңіз мүмкін. Анықтап қарасаңыз, расымен бетін тұмшалаған қыздар мен  қысқа балақты, қауқа  сақалды жігіттер өріп жүр.

 Қала тұрғындарының бірі Ғанибек Серіков: «Бәрімізде имамға ниет етеміз ғой намаз оқығанда. Олар ерекше. бата қайтармай тұрып кетіп қалады. Отырайды. Тұрып тұрады. Топ боп жүреді өздері. Оларды тоқтатып жатқан ешкім жоқ» деп кейиді.

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарманың басшысы Айдар Есенбеков тұрғындар сөзінің жаны бар екенін айтып: «Белгілі бір шоғарланған орталықтар бар екені ол жасырын емес. Бірақ оны біз сырттай ғана анықтай аламыз енді. Яғни, сыртқы бейнесіне қарап», деді.

 Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқарма да   салафизм ағымының өкілдерінің ең көп шоғырланған орталығына осы Көк базар, кар сити сауда орны және орталық мешіт маңын жатқызып отыр.

Алайда басқарма басшысы, олардың артында кімдер тұр деген сұраққа жауап бергісі келмейді.  

Ең қызығы, жай ғана сәйкестік болуы мүмкін, бірақ базар маңын жағалаған сақалдылардың дені ұялы телефон сатумен немесе  жөндеумен айналысады екен.  Естеріңізде болса, Алматыда полиция бөліміне шабуыл жасап, 5 адамды атып өлтірген Руслан Күлікбаев та бұрын ұялы телефон сатумен айналысқан. 

Қатысты Мақалалар