Мәдениет және спорт министрі Мұхамедиұлы Facebook-ке «Мәдениет министрлігі» деп тіркелді

/uploads/thumbnail/20170709180330769_small.JPG

Фейсбук әлеуметтік желісінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жеке парақшасын ашты.

«Қадірлі достар! Мен мәдениет пен спортқа қатысты нақты ақпараттарды бөлісуге, сондай-ақ, осы саладағы барлық маңызды мәселелерді талқылау үшін Facebook әлеуметтік желісінде парақша ашуды жөн көрдім. Сонымен қатар, осы парақша арқылы жас режиссерлермен, суретшілермен, әртістермен, әншілермен және де көптеген дарынды тұлғалармен тілдесуге әрі байланыс орнатуға дайынмын. Себебі біздің қасиетті жеріміз талантты жандарға кенде емес. Өзімнің достарыма сапалы «кері байланыс» пен қолдау білдіргендері үшін зор алғысымды білдіремін. Барлық ой-пікірлерді жеке өзім оқуға және мүмкіндігіyнше жауап беруге тырысамын», деп жазды министр алғашқы жазбасын. 

Қатысты Мақалалар