Макс Боқаев пен Талғат Аянға кесілген үкімге азаматтар қандай реакция көрсетті?

/uploads/thumbnail/20170709181432919_small.jpg

Бүгін 28 қараша, Атыраудағы 2 сотта сот процестері аяқталған Макс Боқаев пен Талғат Аяновқа сот үкімі оқылды. Судья Гүлнәр Дәулешова оларды «заңсыз митингтер ұйымдастырды», «жалған ақпараттар таратты», «ұлтараздық тудырды» деп айыптап, 5 жылға соттады. 

Бұған байланысты ел алдында жүрген азаматтар әлеуметтік желіде өз наразылығын төмендегідей білдірді:

image

Мұхтар Тайжан:

Макс пен Талғаттың ісі бойынша бүгінгі сот үкімі əділетсіз. Бұл жігіттер нақақ, бұларды соншама қатал жазалау - қиянат деп білемін.
Ең маңыздысы - бұл жігіттерге халықтың көзқарасы түзу. Ал халық өзі беретін баға - ең құнды, ең жоғары. Заман өзгереді, бұл жігіттерді əлі марапатталатын боламыз.

image

Aidos Sarym:

Билік осыдан не ұтты? Өзіне өшіккен, көңілі қалған, наразы адамдардың санын еселеп арттырғаннан басқа не тапты?

image

Ерлан Саиров:

Круто. Круто используем государственную машину для устрашения "несогласных". Может следует идти другим путем? Путем диалога и разъяснения приоритетов государства? Скоро будем праздновать 25-летие Независимости нашей страны. Я подчеркиваю, нашей страны. Всех, согласных, несогласных и прочих. Это наша страна! В стране должно быть хотя бы минимальное согласие. Пока не поздно, я предлагаю амнистировать этих ребят, также Сейтказы Матаева и других. В наших условиях это оптимальный шаг, чтобы власть показала, что она способна миловать и прощать, даже ретивых, думаю и общество поймет. Давайте все войдем в новую эпоху с чистого листа...

image
Расул Жұмалы:

Өз басым Макс Боқаев пен Талғат Аянды Қазақтың қос батыры Исатай мен Махамбетке теңеймін. Оларды айыптаған сот үкімін қабылдамаймын. Жеке наразылығым ретінде бүгіннен былай қандай да билік орындарымен, оларды жақтаушы мекемелермен, БАҚ-тармен байланысымды үземін. Батырларымыз азат етілмейінше.

image

Амиржан Косанов:

Макс пен Талғатқа - 5 жылдан!

Қорғадыңдар ел меншігі - кең жерді!
Бұл соттардан халық үміт үзді енді!
Қолдан бердік намыс пенен... сендерді -
Макс! Талғат! Кешіріңдер біздерді!

Zhanbolat Mamay

5 тысяч пожеланий Макс и Талгату!

Макс Бокаев и Талгат Аян вывели 5 тысяч человек в защиту наших земель и национальных интересов. 
За проведение мирного митинга их осудили на 5 лет. 
Давайте соберем в их поддержку 5 тысяч лайков и пожеланий! Передадим Максу и Талгату все наши слова поддержки, скрины через адвокатов в СИЗО – пусть они понимают, что мы все на их стороне!...

Айгүл Орынбек

Бес жыл ішінде атамда кетеді тақтан. Бес жыл ішінде жер үшін қойылған мараторийдің де күші жойылады . Бес жыл ішінде жер үшін шыққан екі батыр да бостандыққа шығады. Бес жыл ішінде халықтың да көздері ашылады. Сол кезде мынау билікте отырған төрт аяқтап қолдайтындар халыққа қай беттерімен қарайды екен? Ол кезде не деп сайрайды екен соны көргім келеді?

Жасарал Куанышалин:

СОНЫМЕН, АТЫРАУ СОТЫ (ШЫН МӘНІНДЕ - НАЗАРБАЕВ СОТЫ) МАКС ПЕН ТАЛҒАТТЫ... ТУҒАН ЕЛІ МЕН ЖЕРІН ҚОРҒАҒАНЫ ҮШІН БЕС ЖЫЛҒА БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРДЫ!
Осы үкім арқылы Назарбаевтың жеке билік режимі өзінің халыққа қарсы билік екенін тағы да айқын дәлелдеді! Қазақтың ұлт батырларына қатысты мұндай масқара үкімді тек басқыншы билік қана шығаруы мүмкін екені өзінен-өзі түсінікті, әрине...

Қатысты Мақалалар