Министр Мұxамедиұлы Facebook парақшасын жабудың себебін айтты

/uploads/thumbnail/20170709182413568_small.JPG

Естеріңізге салсақ, Мәдениет және Спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 26 қарашада Facebook әлеуметтік желісіне тіркелген еді. Әлеуметтік желіні арнаулы менеджер арқылы емес өзі жүргізетінін айтқан министр арада 2 күн өтпей парақшасын жауып тастады. Бүгін Үкімет отырысынан кейін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы жақында ғана ашқан Facebook парақшасын жабудың себебін айтты.

 «Мен ол парақшаны ашқаныма еш өкінбеймін. Екі күннен кейін оны қайтадан ашамыз. Бәлкім, барлығы мені көп шындықты айтып қоя ма деп қорыққан шығар. Негізгі себеп сол деп ойлаймын. Мен ол парақшаны өзім жүргіземін. Кешкі уақытта», - деді А.Мұxамедиұлы. Алайда министр «шындықтан қорқатындар» кім екенін айтқан жоқ. 

Қатысты Мақалалар