Бразилиялық Футболшылар мінген ұшақ апатқа ұшырады

/uploads/thumbnail/20170709182540881_small.jpg

Колумбияның Меделлин қаласының маңында Бразилияның «Шапекоэнсе» (Шапеко) футбол командасы мінген жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан 81 адам қаза тапты. Ақпаратқа сәйкес, LAMIA Airlines компаниясының лайнерімен ұшқан 81 адамның 72-сі жолаушы, ал қалған 9 адам экипаж мүшесі болған. Ұшақтардың әуедегі жағдайын бақылайтын бірқатар сайттың хабарлауынша, ұшақ экипажы байланыс үзілер алдында бортта төтенше жағдай жариялайтыны туралы диспетчерге баяндаған. Оқиғаға байланысты Меделлин қаласының мэрі апат болған жерге аттанды. Бірқатар БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, ұшақ апатынан тірі қалғандар бар екен. Колумбия полициясы 75 адамның қайтыс болғанын нақтылады.

Ұшақтардың әуедегі жағдайын бақылайтын бірқатар сайттың хабарлауынша, ұшақ экипажы байланыс үзілер алдында бортта төтенше жағдай жариялайтыны туралы диспетчерге баяндаған. Оқиғаға байланысты Медельин қаласының мэрі апат болған жерге аттанды. 

Апат болған ұшақтағы  футболшылардың жалпы экономикалық құны 24 миллион еуроға бағаланған. Құраманың ең қымбат ойыншысы 31 жастағы Marcos Danilo Padilha. 1.85 метрлік бойы бар қақпашының жеке құны 1.75 миллион еуро.

Жедел жәрдем мен құтқарушылар апат орын алған жерге шығып кетті. Ұшақтың не себептен құлағаны әлі белгісіз.

Қатысты Мақалалар