Қазақстанда жыл сайын Желтоқсан айы кіре сала қалалардың орталық алаңдарында шыршалар жағылып, жаңа жылдық «көңіл-күй» Тәуелсіздік мерекесін тасада қалдырып кететін. Биыл Астана қаласында шырша Тәуелсіздік күнінен кейін жағылмақ.
«Биыл еліміздің бас шыршасы былтырғыдай «Хан-Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының алаңында орнатылады. Осы жылы бас шыршаның шамдарын жағу салтанаты дәстүр бойынша бірінші желтоқсанда емес, 18 желтоқсан күні өтеді», - деп мәлімдеді Астана әкімдігінің баспасөз қызметінен.