Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына өзін бопсалады деп шағым түсірген Жүргенов атындағы өнер академиясының түлегі Еңлік Сыдықованың адвокаты Гүлнәр Жуаспаева бүгін өзінің тарапына қысым жасалып жатқаны туралы мәлімдеді. Бұл туралы Азаттық хабарлады. Алматыда өткен баспасөз конференциясында Жуаспаева өзіне жасалып жатқан қысымды Еңлік Сыдықованың мүддесін қорғап жүруімен байланыстырады. Арыстанбек Мұхамедиұлы бұған дейін Сыдықованың таққан айыптарын жоққа шығарған болатын. Сот шағымды айғақтар жеткіліксіз болғандықтан кері қайтарып жіберген.
Жуаспаеваның айтуына қарағанда, ол адвокаттар алқасының көшірмесін алған. Онда Жуаспаеваның "адвокаттық этиканы бұзғаны", "әлеуметтік желілердегі жазбаларында өзін дұрыс ұстамайтыны" айтылған. Адвокаттың айтуына қарағанда, бүгін адвокаттар алқасы президиумының шұғыл жиналысы өтпек. Ол бұл жиында өзінің ісін қарау жоспарланып отыр дейді.