Диснейдің тағы бір туындысы қазақ тіліне аударылды, – деп хабарлайды 24.kz. Бұл жолы көрермен назарына «Моана» мультфильмі жол тартатын болады. Астана, Алматы және Шымкент қалаларында оның алдын ала көрсетілімі өтті.
Қазақ тілінде дыбысталған мультфильм Тынық мұхитының аралдарындағы аңыз-ертегілерге сапар шектіреді. Дәлірек айтқанда, осыдан 2 мың жыл бұрын аймақты мекен еткен адамдардың тыныс-тіршілігін көрсетіп, тылсым құбылыстарды баяндайды. Жоба жетекшілері әлем бойынша бұл туындыға деген сұраныстың арта түскенін айтып отыр. Сондықтан оны қазақ тіліне аударып, жас ұрпаққа тәрбиелік мәнін насихаттауды қолға алған. Айта кетейік, бұл туындыны 30-дан аса қазақстандық актёр дыбыстады.
Назерке Серікболова, Актриса:
- Сюжет жалпы өте қызықты. Мен дыбыстап жатқан сәттерде күліп қойып, өз-өзімізді жинай алмаған кездер көп болды. Сосын айқайлай салады, Моананың дауысының өзгіріп сала береді. Тек қана дыбыспен сол қыздың не ойлап тұрғанын, жылап тұрғанын барлығын көрсету керек болды.
Айдар Махметов, Жоба жетекшісі:
- Болашақ қауымдастығы 15 Голливуд фильмін қазақша аударған болатын. Сол дәстүрін үзбей, бүгін 16-рет ұсынамыз. Мақсат – қазақ тілін жоғарыға көтеру.