Австралиялықтар «Борат елінің оқушылары» оларды математика саласында басып озғандарына аң-таң

/uploads/thumbnail/20170709184445868_small.jpg

 

Шетелдік БАҚ Австралияның математикалық білім бойынша Қазақстаннан төмен дәреже көрсеткендерін масқаралыққа балады. Қазақстан австралиялықтарды 4 категория бойынша артта қалдырыпты, ол - 4 және 8 сыныптардағы математика және ғылым саласы. Австралияның Білім министрі Саймон Бермингер бұл нәтижелерді тілге тиек ете отырып, Қазақстанды "Борат" сынды фильмдермен қаралағысы келмейтінін жеткізді, дегенмен Австралия мұндай рейтингтерде жоғары көрсеткішпен алдағы қатарда тұруы қажет екендігін, мұндай артта қалушылық елімізге жараспайды деп сөз сөйледі.

Қазақстан Австралияны ғана артта қалдырған жоқ. Басып-озған алпауыт елдердің қатарында АҚШ, Германия, Португалия және т.б. мемлекеттер бар. Осы жағдайдан кейін австралиялық АВС басылымында «Бізді білім жағынан басып озған мемлекет жайлы олардың "Бораттан" әлде-қайда жоғары екендігін білуіміз керек» деген тақырыпта мақала жарияланғаны белгілі болды. Неге Қазақстан кенеттен күн тәртібінде пайда болды? Атап айтар болсақ, Қазақстанның Боратқа еш қатысы жоқ, - деп жазады мақалада. 

Дерек көзі: informburo.kz

Авторы: Мария Гареева

Аударған: Лабихан Назерке

Қатысты Мақалалар