Гүлнәр Каримованың ақшасы талан-таражға түсуде

/uploads/thumbnail/20170709184448993_small.jpg

Шуақты Өзбекстан» коалициясының негізін салушы Санжар Умаров америкалық БАҚ-қа сұқбат беріп, Гүлнәр Каримоваға тиесілі 850 млн долларды Өзбекстан халқына үлестіру қажеттігін айтты. Каримованың шотын жыл басында АҚШ Әділет министрі жауып тастаған болатын, деп хабарлайды Baq.kz

Умаровтың пікірінше, Өзбекстан басшылығы ақшаны елде жемқорлықтан зардап шеккендерге, яғни тұтас халыққа таратып беруге кепілдік берген жағдайда ғана жоспар жүзеге асуы мүмкін. Оппозициялық саясаткер ол үшін Қазақстанның «Бота» қоры секілді қор құруды ұсынды.

centralasian.org агенттігінің мәліметінше, Санжар Умаров ақшаны ресми Ташкентке қайтаруға болмайды деп есептейді.

Өзбекстанның саяси эмигранттар тобы Change.org сайтында АҚШ пен бірқатар Еуропа елдері билігін 850 миллион долларды Өзбекстан үкіметіне мүлде қайтармауға шақыратын петиция ашты.

АҚШ соты Америка мен Өзбекстан тарапына ақшаның тағдырын 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін өзара шешуге мүмкіндік беріп отыр.

Қатысты Мақалалар