Дональд Трамптың ұлы аутизмге шалдыққан дегендердің басы бәлеге қалды

/uploads/thumbnail/20170709184455712_small.jpg

Бүгін vesti.ru сайтында «Мелани Трамптың баласының денсаулығына байланысты шындыққа жанаспайтын өсек таратқаны үшін тележүргізуші одан кешірім сұрады» деген материал пайда болды. Мәселенің мән-жайына келсек, өткен жетіде О’Доннелл (тележүргізуші) өзінің микроблогында YouTube-тағы 10 жасар Бэрронның видеосын сала отырып, баланың денсаулығында ақау болуы мүмкін деген болжам жасайды. Онымен қоймай, ол ретвитінде «Бэррон Трамп аутизмге шалдыққан ба?» деген сұрақ қояды.

БАҚ-тың берген мәліметі бойынша ретвит әлеуметтік желілер арқылы тез таралып, шулы өсек-аяңға себепші болды. Мелани Трамптың адвокаты YouTube қызметіне Бэррон жайлы өтірік материалды алып тастау жөнінде хат жібереді. Алмаған күнде сотқа шағымданатындықтарын да ескертті.

Видеохостинг видеоны бірден өшіріп тастап, Мелани Трамптан кешірім сұрады. Жалпы видеоның ішінде өтірік әңгіме туылуына себеп болған бір фрагментқа тоқталған жөн-ау. Ол жерде шаршаңқы Бэррон АҚШ президенті атанған әкесі Дональд Трамптың қасында суретке түскен.

 

Қатысты Мақалалар