Қазақстандық спортшыларға допинг ас арқылы берілген

/uploads/thumbnail/20170709184507244_small.jpg

ҚР Допингке қарсы Ұлттық орталығының директоры Майра Бақашева қазақстандық спортшылардың қанынан табылған допинг, спорттық тағам арқылы берілуі мүмкін деп болжайды.

Майра Бақашева тыйым салынған заттар аз мөлшерде биологилық қоспаларда және спорттық аста болуы мүмкін деген тоқтамға келіп отыр. Бұл спортшылардың өз қалыптарын тепе-теңдікте ұстау үшін қолданады. Ал, 2008 жылы Қытайда және 2012 жылы Англияда болған олимпиададағы қазақстандық жеңімпаздар тыйым салынған препараттардан «таза» болды деген ойда. 

2008, 2012 жылғы тексерістің нәтижесі қазақстандық спортшылар үшін оң нәтижесін көрсеткен. Алайда, 2012 жылдың аяғында, 2013 жылдың басында тыйым салынған заттарды табудың жаңа әдісі шықты. Ол бойынша, мамандар ағзада ұзақ уақыт жүрген кішкентай қалдық метоболиттерді көре алады. Осы сараптаманың нәтижесінде көптеген спортшылардан тыйым салынған заттарды тапқан, деп болжайды М.Бақашева.

Майра ханым, жағдайды өзгерту үшін оқу бағдарламаларын енгізу ең тиімді әдіс деп санайды. Ол арқылы спортшылар ағзаға допинг қандай жолдармен түсуі мүмкін екенін және өзін қалай қорғауға болады деген сауалдарға жауап таба алады. Оған тек спортшылар ғана емес, жаттықтырушылар, спорт дәрігерлері қатысады. Десе де, қазақстандық спортта допингке қарсы ережелердің бұзылуы қаупі жоғары екенін ескертті. Ол спортшылардың жағдайын жақсарту мақсатында қолданылатын дәрі, ас арқылы ағзаға түсу мүмкіндігі зор.

Спортшылардың сынамасы енді  10 жылға дейін сақталады. Бұрын 8 жылға дейін сақталатын.

Қатысты Мақалалар