Жеті айлық бала ұялы телефонның кесірінен көз жұмды

/uploads/thumbnail/20170709184601058_small.jpg

Ақтау қаласында анасының телефонымен ойнап жатқан жеті айлық бала көз жұмды. Бұл кезде телефон қуаттау құрылғысына қосылып тұрған, - деп хабарлайды Baq.kz. сайты.


Маңғыстау облысы балалар ауруханасының мәліметінше, анасы қызымен бірге ұйықтап жатқан. Жандарында тоққа қосулы ұялы телефон тұрады. Біраз уақыттан кейін келіншек оянып, қызы телефонмен ойнай бастапты.

«Телефонға не болғаны әзірге белгісіз, қызды тоқ ұрған, оның жүрегі тоқтап қалды. Ата-анасы баласының көз жұмғанын таңертең ғана байқапты. Дереу жан сақтау бөліміне жеткізілгенімен, дәрігерлер ештеңе істей алмады», - деп хабарлады облыстық балалар ауруханасы.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар