Жеті атасын білмейтін жетесіздер көбейеді

/uploads/thumbnail/20170708152951436_small.jpg

Ұлттық дәстүр мен ұлттық құндылықты сақтау жолында ел болып жұмыла күресіп жатырмыз. Ұлттық асты атасынан қалғандай көріп жүрген «Беш»-тердің де месі басылды әйтеу. Бірін басып бірін түзеп жатқанда бірі қылтиып шыға келді. Елімізде экстрокорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) орталықатры жұмыс істейді. Олардың саны – қазірге 13. Жан санын көбейту ел үшін пайдалы іс болған күннің өзінде, ұрықтандыру арқылы ұрпақтың санын көбейткенмен сапасын жасай аламыз ба? «Алаш айнасы» осы сұрақтың жауабын іздеу барысында, ЭКҰ орталығының жұмысына зерттеу сараптамасын жасап еді. Нәтижесінде ұрықтанған ұрпақ жетілгенімен жеті атасын білмейтін болып шықты. Дәлірек айтсақ, жасанды ұрықтандыру орталықтары донор еркектердің жеті атасын тексермейді екен. Ол жөнінде «Экомед» адам ұрпағын өрбіту емханасының жетекшісі, репродуктолог-эмбриолог, биология ғылымының докторы Салтанат Байқошқарова да айтып берді,-деп отыр tengrinews.kz. Ұрпақ тәрбиесіне деген сабақтастықты жоғалтпау үшін бүгіннен бастап тәрбие беру керек. Дені саудың жаны сау. Атадан алынбаған дерт жоқ. Емін тауып, ебін келтіру ендігі парыз болып қалмақ. Әйтпесе, ертең бармақ тістеп қаламыз...

Марғұлан Ақан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар