«Түркменстанда сақал-мұртты алғызып, Құранды тартып алып жатыр» деген атаумен «Ислам дауысы» ресейлік сайтында пайда болды. Дін мен діл жағдайына бейжай қарамайтын біздің сайт материалды қазақшаға аударып, оқырман назарына ұсынуды жөн санады.
Азаттық Радиосының берген мәліметіне сәйкес Түркменстандағы намаз оқитын, сақал-мұрт өсірген мұсылмандарға қысым жасалуда.
Қуғынға ұшырағандардың біреуі Түркияға қоныс аударуға мәжбүр болған. Оны намаз оқығандығы үшін мемлекеттік қызметтен босатқан. Жұмыстағы өз міндетін атқара отырып ол намазын да қаза қылмаған. Бастығы намаз оқуды доғаруды бұйырған. Ақыр соңында жұмыстан шыққан кейіпкер мемлекеттік қауіпсіздік қызметкерлері тарапынан қысымды сезіне берген. Тергеу барысында оған діни топтармен қарым-қатынасы, қолда бар Ислам әдебиеті жайлы сұрақтарды қоя беруден шаршамаған. Тіпті Құран кітабын тартып алыпты.
Екінші оқиғаға кезек берсек. Біршама уақыт шетелде болған бір мұсылман Отанына, өзінің елді-мекеніне оралған бетте жергілікті әлеуетті құрылымдардың қызығушылығына ілінген. Олар оған сақал-мұртты алып тастауға ақыл-кеңес берген. Нәтижесінде бой бермеген, тілді алмаған мұсылманның сақал-мұртын әлеуетті құрылымдар өздері алып тастайды. Сонымен қатар байғұсты діни эстремизмге байланысты күдіктілердің тізіміне енгізіп тастаған. «Маған бұл жерде тыныштық болмайтынын түсіндім. Сол себепті Түркменстаннан кеттім. Оралатын ойым да жоқ»,-дейді әбден зәразап болған мұсылман.
Азаттық Радиосының хабарлауынша Түрксментанның Дашоғұз аймағында жағдай тіптен қиын. Іс-әрекеті, жүрген жүрісі сәл де болсын жұрттан өзгерек болса ондай адам әлеуетті құрылымдардың назарына ілігеді. Сөйтіп олардың тұрған жерлеріне келіп, Құранды және басқа да діни кітаптарды тәркілейді екен.
Аударған: Жазира Байдалы