Қазақстанның сыры ашылмаған тылсым жерлері

/uploads/thumbnail/20170709184639087_small.jpg

 

Әнші тау

Аққұм-Қалқан («Әнші тау») - Алтын-Емел саябағында орналасқан құмды төбе. Оның «ән айту» қабілеті  ғалымдар мен туристердің қызығушылығын оятып отыр. Оның даусы ауа-райына байланысты өзгеріп отырады. Жел болғанда әнші таудан жылаған дауыстар  бірнеше шақырымға дейін естіледі. Ең қызығы қатты жел болса да құм төбе орнын ауыстырмайды.

Өлі көл

Аталмыш көл Алматы облысында орналасқан. Ол су температурасын аптап ыстыққа қарамастан өзгеріссіз сақтап тұрады. Шілденің шіліңгір ыстығында судың салқындығы денені қарпып өтеді. Сүңгуірлер көлде 5 минуттан артық жүру мүмкін емес екенін талай мәрте айтқан болатын. Онда  бірде-бір балдыр өспейді, шыбын-шіркей ұшпайды. Аңыз бойынша 100 жыл бұрын, жігіт өз қалыңдығын суға батырып өлтірген. Содан бері оның көзтартатын сұлулығына қарамастан, көл - уақыт тоқтап қалғандай әсер қалдырады.

Көк көл

Жамбыл облысында орналасқан Көк көлге бірде-бір өзен арнасы құйылмаса да, көлдің суы үнемі жаңарып, таза болып тұрады. Гидрологтар жер астында үңгірлер болу мүмкін деп болжайды. Алайда, көлді толығымен зерттеуге мүмкіндік жоқ. Себебі, Көк көлдің кейбір жерлері түпсіз терең тұңғыйық.

Кейде судың бетінде өздігінен иірімдер пайда болады. Олар су бетінде жүзіп жүрген майда заттарды өзіне тартып алады екен.

Қызылқұм шөлі

Қызылқұм шөлі Сырдария мен Амудария өзендері арасында орналасқан. Ғалымдарды Орталық Қызылқұмда табылған жартастағы суреттер қызықтырып отыр. Онда скафандр киген адамдар мен ғарыш кемесіне ұқсайтын бейнелер салынған. «Көркем суретті» зерттеу жұмыстары 90-шы жылдары басталды. Алайда, әлі күнге дейін суреттердің қайдан пайда болғаны белгісіз.

Үстірт шоқысы

Зерттеушілер – Үстірт шоқысын ежелгі Тетис мұхитының 50 миллион жыл бұрыңғы орны деп пайымдайды. Ол 200 мың шаршы шақырым аумақты алып отыр. Онда алып тастар мен сынықтар өте көп. Бір үңгірден руналық кескіндер табылған. Кім? Қашан? жасағаны белгісіз.

80-ші жылдары Үстірттің картасын жасау үшін топографиялық түсірілім жүргізілген. Сол кезде бейнетаспаға түсініксіз сызықтар түсіп қалған.

 

 

 

                                                               zagranitsa.com сайтынан аударған Әсем Әлмұханбет

Қатысты Мақалалар