Пекиндік сот әйелінің жәбір көрсеткендігіне арызданған еркекке қолдау көрсетті. Қытайлық сот ісінде бұл алғаш рет берілген ордер деп хабарлайды chinadaily.com тілшілері.
Бұл жұп 2014 жылда отау құрған екен. Бастапқы кезде тату-тәтті өмір сүріп келген отбасы кейіннен отаур құрғаннан соң болмашы нәрселерге бола көп сөзге келетіндерін, кейіннен тіпті әйелі оған қол көтеріп сабайтынын айтып жеткізді. Мамыр айында, сонан соң жаңадан туылған қызының алдында қатты соққыға жығылып, сол жағдайдың кесірінен жалғыз қыздары қатты шошынып қалған.
Дәрігерлер мен полицейлерден алдындағы болған жағдайларға байланысты анықтамаларды жинап ері сотқа шағым түсіруге бел буған.
Сот күйеуіне өз-өзін қорғайтын ордер беріп, әйеліне мұндай масқаралықты қайталамауына, ерінің намысын таптамауына қатаң ескерту жасаған.
Егер мұндай әйелі тағы да еріне қол көтеретін болса, оны 15 тәулікке қамауға алып немесе 1000 юань көлемінде айыппұлға тартылуы жайлы үкім шығарған.
Наурыз айында отбасылық жәбір көрсетушілікке байланысты заңның күшіне енуіне байланысты сотта жоғарыда атп өткендей үкім шығарыла бастаған. Сол сәттен бастап Қытай сот билігі 300-ден аса дәл осындай жағдайларға байланысты үкім шығарған. Алайда бұған дейін келіп түскен шағымдар ерінен жәбір көрген әйел адамдар тарапынан болған.
Бұл жәйт сот тәжірибесіндегі алғаш рет болғанмен, ең соңғы болмауы мүмкін. Қытайлық бұқара ақпараттары көп отбасылар отау құрғаннан кейін көбінде әйел адамдар отбасыдағы билікті қолдарына алып, отағасының рөлін атқарады, кейде тіпті еріне қол жұмсауға дейін барады деп хабарлайды. Алайда, бұл жайлы ерлері жалпақ жұртқа жария қылуға намыстанып келген дейді.
Аударған: Лабихан Назерке