COUNTRYMETERS: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ САНЫ 18 МИЛЛИОННАН АСТЫ

/uploads/thumbnail/20170709184648127_small.JPG

countrymeters.info сайты Қазақстан халқының саны 18 миллионнан асқанын көрсетті, деп хабарлайды «Қамшы» порталы.  Бүгінгі көрсеткіш бойынша, Қазақстан халық саны 18 миллион 22 мың 500 адамды құрайды.

Онда, Қазақстан халқының 2015 жылдың аяғына дейін 17 769 475-ға жеткені, биылғы жылдың өсімі бойынша, Қазақстан халқының саны 18 044 724 дейін жетуі мүмкін екені болжанған.

Айта кетер болсақ, биылғы жылдың 17 қыркүйегінде, Ақтөбе облысы әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбеде  өткен «Кластерлік медицина, мемлекеттік-жеке серіктестік, халықаралық байланыстың дамуы» атты халықаралық форумда да бұндай қуанышты жаңалықты айтқан болатын.

«Тәуелсіздік жылдары Қазақстан мемлекеті, басшылығы медицинаны басты назарда ұстап келеді. Бірнеше мемлекеттік бағдарлама қабылданып, толығымен іске асырылды. «100 мектеп, 100 аурухана», «Саламатты Қазақстан», «Денсаулық» бағдарламалары бар. Мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінде Қазақстан халқының орташа өмір сүру жасы 72-ге жетті, халық саны 18 миллионнан асты. Қазақстанда дүниежүзілік стандартқа сай ауруханалар мен емханалар салынып, ғалымдары, дәрігерлері әлемнің үздік емдеу орталықтарында білім алып, еңбек жолын елімізде жалғастырып жатыр», - деген еді әкім өз сөзінде.

Еске салсақ, 2015 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 17 млн. 630,7 мың адамды құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінен хабарланған болатын. Онда, 2015 жылғы қаңтар-қазанда халық саны жалпы ел бойынша 213 мың адамға немесе 1,2 пайызға өскені, осы көрсеткіш бойынша  2014 жылғы 1 қарашамен салыстырғанда халық саны 253 мың адамға немесе 1,46 пайызға артқандығы айтылған болатын.

Биылғы жылы наурыз айындағы премьер-министр Кәрім Мәсімовтің ресми сайты осы жылғы ақпанның 1-і күнгі жағдай бойынша, Қазақстан халқының саны 17 миллион 693 мың 5 адам болғанын хабарлаған еді.  Ал, Қазақстан халқының саны жыл басынан наурыз айының біріне дейін  бері 0,2%-ға артып, 2016 жылдың 1 наурызына 17 млн 713,8 мың адам болды, деп хабарлаған болатын ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті. Ол ақпаратта 2015 жылғы 1 наурызбен салыстырғанда халық саны 255,3 мың адамға немесе 1,46% өсті, делінген еді.

Осы көрсеткіштерге анализ жасайтын болсақ,  countrymeters.info көрсеткіштері шындыққа жақын болуы әбден мүмкін. Қазақстан статистика комитетінің Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің соңғы деректері бойынша, Халық 2016 жылғы 1 мамырға 17 миллион 753 мың 200-ді көрсеткен.  Қазақстан халқының бір жылдық өсімі 250 мың адамнан көбірек деңгейде болатын болса, біз жыл аяғына дейін анық 18 миллион көрсеткішін көріп қалуымыз мүмкін.

Аталған сайтта сәйкес уақытқа дейінгі Жер бетінің халық саны 7 миллиард 480 миллион 500 мыңға жуық екені көрсетілген. Әрі, Жер бетінің халық саны шамамен келер жылдың наурыз айында 7,5 миллиардқа жетуі мүмкін екені айтылған. Жобаның болжауынша, Жер бетіндегі келесі жарты миллиардтық өсім 5-ақ жылда байқалып, 2022 жылы адам баласы 8 миллиардқа жететінін тұспалданған.   

Айта кетсек аталған жоба халық санының өсім динамикасын көрсетуді мақсат етеді және әлемнің кез келген еліндегі басқа да демографиялық, әлеуметтік процесстерді көрсетуге бағытталған.  2011 жылдың соңында жобаны құру кезеңінде, жоба құрушылары  алдына статистикалық ақпараттың негізгі көзі болып табылуды мақсат етпеді. Сондықтан шынайы статистикалық  көз болып табылмайды. Алайда, жоба иелері өз алгоритмдерін үнемі жетілдіре отырып, болжамдарының шынайы демографиялық көрініске барынша жақын болғанын көздейді. Сондықтан жоба статистикасы көрсеткен нәтиже әр елдің Статистикалық қызметтерінің жариялаған мәліметтерімен барынша қарайлас келеді.

Сондай-ақ, жобаның көрсеткен статистикасы БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік мәселелер департаментінің Халықтың бөлімі жариялаған мәліметтерді де пайдаланады.

Қатысты Мақалалар