Елбасымыздың ашуына тиген шенеуніктер жайлы мақала Kapital.kz сайтында жарияланған болатын. Оқырман назарына қамшы порталы қазақша нұсқасын ұсынады.
Елбасының айтуынша, министрліктің сауда жүйесіндегі жұмыстарын нашар жүргізулері ұлтаралық компаниялармен жұмыс атқаруға кедергі келтіріп отыр.
Министр қызметкерлерін жұмысты толық әрі тыңғылықты атқармағандықтан көптеген ауқымды ұлтаралық компаниялар елімізге кіре алмай отыр. Бұл мәселе жайындағы ойын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі өткен телекөпірде жеткізген болатын.
«Көптеген алпауыт ұлтаралық коипаниялармен серіктестік жасауға үлкен мүмкіндік бар. Ол компанияларда дайын өтімділік нарық бар, үлкен мүмкіндіктерге ие, жабдықталған технологиялар бар. Сол себепті ол компаниялармен серіктес болу үшін бізге деген қызығушылықтарын қалай арттыру керектігін ойлауымыз қажет, мен олармен келіссөз жүргізу үшін кездесіп, сөйлесемін. Олар: «Біз Қазақстанға барамыз» дейді. Иә, келеді, келеді де бір министрлікке барып бір тығылады, екіншісіне барып бір тығылады, одан қалса оларды дәліздерде қудалайды, сонан соң Қазақстанға түкіргенім бар деп кетеді», - деп бар атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев өз қамдары үшін ғана жұмыс жасап, өзіне жүктелген міндетті дұрыс атқармайтын шенеуніктерге жұмыстан қуатындығын айтып ескертті. Құзырлы инвесторларды өздеріне қызықтыруда баяу жұмыс істейтін болса орнын босата беруіне болатындығын мәлімдеді.
«Сонда біздің ел компаниялармен осылай жұмыс істейді ме? Сол себептен де ескертемін: Өткен жылда мен келіссөз жүргізген компаниялармен атқарылған жұмыстар болуы керек. Сол істер жайлы маған тез арада жазбаша есеп тапсыруларыңызды талап етемін. Егер ондай қорытынды есеп болмаса, демек, біздікілер оларды қуып шықты деп білемін. Дәл сол қудалайтындармен мен жұмыс жасамаймын, мен сол адамдарды қызметтерінен қуамын», - деп, өз шешімін жария етті.
Аударған: Лабихан Назерке