Атақты ресейлік актриса Елена Проклова мұсылман атанды. Жақында ол Біріккен Араб Әмірлігіне сапарға барып, 2006 жылдан бері сол елдің тұрғыны татарлық бизнесмен Исмагил Шангареевтің үйінде қонақ болып қайтты.
Проклованың Шығыста не көргені және оның жан-дүниесіне қалай әсер еткені жайлы Исмагил Шангареев «Реальное время» беттерінде жазды.
– Елена ислам өркениетіне тәнті екенін және оған бұл дін ұнайтынын айтты, - дейді автор. – Оның болашақ күйеу баласы – мұсылман. Оған өзі дән разы. Мен оған ислам жайлы бүге-шүгесіне дейін түсіндіріп бердім. Ол ислам дінін жан-тәнімен ұғынды. Сосын Зайд шейх атындағы мешітте: «Ля иляха илляллах, Мухаммадан расулюллах» деп шахаду айтты. (мұсылман дінін қабылдаудың формуласы). Ол Алладан оның, балаларының және немерелерінің амандығын шын жүрегімен тіледі.
Біз ол жақта, тіпті, Кристина Орбакайтенің балаларының бірі – нағыз мұсылман дінін ұстанушы екенін еске алдық. Ол өзіне жаңалық жасап: исламда күнә деп табылғанның бәрі медицинада да теріске шығаратынын айтты. Оның болашақ күйеу баласы мұсылман болғаны ислам дінін қабылдауына септігін тигізген. Өткен жылы Проклова ажырасқан болатын, және ол: «Егер маған қайта тұрмысқа шығу жазылған болса, күйеуімнің мұсылман болғанын қалар едім» деп ағынан жарылды.
Аударған Шайхы Марал