Қостанайда енді Герцен мен Таранға орын жоқ

/uploads/thumbnail/20170709184704182_small.jpg

Бүгін Қостанай қаласының   
екі көшесіне қазақша атау беру мәселесі бойынша жергілік мәслихат ашық жиын өткізді. Бір жеті бұрын сайтымызда "Қостанайдағы екі көше атауы қазақшаланады деген үміттеміз" деген материал шығарған едік.  Үмітіміздің ақталғанына қуанып, оқырман қауымнан сүйінші сұраймыз. 200 адам жиналып (сыймағандар қаншама), үш сағатқа созылған жиын солтүстікте
сел қозғалғандығын растады.

Герцен көшесінің атауы Қобыланды батыр, Таран көшесінің атауы Тәуелсіздік деп өзгертілуі  мақұлданды. Осыған дейін    
қала белсенділері Герцен көшесіне тарихшы Зұлқайнар Алдамжардың есімі берілсін деп өтініш айтқан болатын. Тарихшылар, ақындар, қысқасы қостанайлық зиялы қауым бас қосқан аталмыш жиында Герценге 
Қобыландының аты берілген дұрыс деп шешім қабылданды.

Қостанайдың тағдырын шешуге жиналғандардың арасында өзге ұлт өкілдері де болды. Орыс коммунистерінің "Бұл қаншалықты заңға сәйкес?" деген cұрағына Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бастығы Үмбетов "заңға сəйкес" деп жауап берді.

Аманжол Күзембайұлы бастаған, Сергей Владимирович қостаған Қостанай мемлекеттік педагогика институты аталмыш мәселеге белсенді араласып, мінберге шығып сөз сөйлеп, халыққа тарихи дерек-анықтама беріп отырды.

"Қамшы" порталында қуаныш ұзағынан болсын деген тілек қана бар. Қостанайда қабылданған шешім республикалық деңгейде қолдау табатынына үмітті.

Қамшыгер: Жазира Байдалы

Қатысты Мақалалар