АҚШ Украинадан Донбастан әскерін шығаруды ұсынды – Зеленский қарсылық білдірді

/uploads/thumbnail/20251212150426511_big.webp

Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, АҚШ Киевке Донбастан әскерін шығарып, сол аймақта «еркін экономикалық аймақ» немесе «қарусызданған аймақ» құруды ұсынған. Бұл аймаққа кім басшылық ететіні белгісіз.

Зеленский бұл жоспарға кепілдіксіз келісу мүмкін емес екенін айтты. Оның сөзінше, Украина кеткеннен кейін Ресей әскерінің немесе орыс күштерінің бейбіт тұрғын кейпінде аймақты басып алу қаупі бар.

Вашингтон мен Киев арасындағы келіссөздер әлі жалғасып жатыр. Негізгі даулы мәселелер – Донбастың мәртебесі және Запорожье АЭС-інің бақылауы.

Дональд Трамп Украинаға қысымды күшейтіп, Зеленскийді «жоспарды толық оқымаған» деп сынға алған. Сонымен қатар, Еуропада да соғыс төртінші жылдың қысына жақындағандықтан, келісімге келу керек деген пікірлер көбейіп келеді. Алайда Франция, Германия және Ұлыбритания басшылары «территориялық шешімді тек украин халқы қабылдай алады» деп отыр.

ЕО да Украинаның одаққа қосылу процесін жалғастырып жатыр, бірақ Венгрияның қарсылығы әлі кедергі болып тұр.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар