YouTube бас директоры балаларын әлеуметтік желіден шектеді

/uploads/thumbnail/20251215180527640_big.webp

📵 ТЕХНОЛОГИЯ АЛПАУЫТТАРЫ БАЛАЛАРЫН ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕН ШЕКТЕДІ

YouTube бас директоры Нил Мохан өз балаларының әлеуметтік желі мен экран уақытын қатаң бақылауда ұстайтынын мәлімдеді. Ол бұл ұстанымын «бәрі мөлшермен» қағидасымен түсіндіреді.

🔹 Мохан балаларға жұмыс күндері қатаң, демалыста жұмсақ режим қолданады
🔹 Экран уақыты шектеулі, контент ата-ана бақылауымен
🔹 Ол жасөспірімдер қауіпсіздігіне компанияның ерекше жауапкершілігі барын айтты

👨‍👩‍👧‍👦 Бұл тек Моханға ғана тән емес:

  • Билл Гейтс балаларын 14 жасқа дейін смартфонсыз өсірген

  • Марк Кьюбан балалар телефонын арнайы бағдарламалармен бақылаған

  • YouTube-тың бұрынғы бас директоры Сьюзан Войжицки де балаларға тек YouTube Kids қолдануға рұқсат берген

🧠 Сарапшылар да дабыл қағуда:
Психологтар балаларға 14 жасқа дейін смартфон, 16 жасқа дейін әлеуметтік желі бермеуді ұсынады.

🌍 Айта кетейік, Австралия 16 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіні заңмен шектеген алғашқы ел болды.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар