АҚШ билігі шетелдік туристер үшін жаңа талап енгізуді ұсынды. Ұсынысқа сәйкес, туристер соңғы 5 жылдағы әлеуметтік желідегі аккаунттарын, сондай-ақ соңғы 5 жылдағы телефон нөмірлерін және 10 жылдағы email мекенжайларын көрсетуі мүмкін.
"Бұл бастама Трамп әкімшілігінің шекаралық бақылауды күшейту саясатының жалғасы" дейді кейбір сарапшылар.
Цифрлық құқық қорғаушылар бұл өзгерістер «азаматтық еркіндіктерге нұқсан келтіреді» десе, көші-қон заңгерлері саяхатшыларға қосымша бюрократиялық ауыртпалық түсетінін айтады.
АҚШ келесі жылы футболдан әлем чемпионатын және 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасын қабылдауға дайындалып жатқандықтан, туристер саны өсуі тиіс еді. Дегенмен Трамп кезеңіндегі қатаң саясаттың салдарынан елге халықаралық келушілер азайған .