Ақтауда әлеуметтік-психологиялық спектакль өтті

/uploads/thumbnail/20251209130508050_big.webp

Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрында "Тағдыр" атты әлеуметтік-психологиялық спектаклі өтті.

Шара барысында қойылым авторы әрі режиссері Анар Бисенбина көрермендердің ықыласына тоқталып, қоғамда үнсіз қалмаудың маңыздылығын атап өтті.

- Ақтау халқы тың дүниені тамашалап отыр. Залда орын тапшылығының өзі – қоғамның өз тағдырына бейжай қарамайтынын көрсетеді. Ең үлкен қасірет – үнсіздік. Жастардың қойылымнан өзіне қажет ой түйіп, қоғамға үлес қосуға ниеттеніп келгеніне қуаныштымын, – деді Анар Бейсенбина.

Сондай-ақ іс-шара барысында шетелден кәсіби режиссер мамандығын меңгерген Барлық Мұңалбайұлының «Түбір» инста-сериалынан үзінді көрсетілді. Автордың айтуынша, жоба қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді қысқа форматта жеткізуді мақсат етеді.

- «Түбір» – мен үшін жаңа формат. Әлеуметтік тақырыптарды ықшам түрде көрсетуге мүмкіндік береді. Жоба Ақтау қаласында екі ай бойы бірнеше локацияда түсірілді. Туындыға жергілікті танымал әртістер қатысты, – деді Барлық Мұңалбайұлы.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар